Атырау, 2 мамыр 13:25
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​"Көкшетау" станциясының басшысы ұсталды

1 979 просмотра


Ақмола облысында "Көкшетау" станциясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

"Биыл 12 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша өкілдері Ақмола облысындағы "Көкшетау" станциясының бастығын әшкереледі. Ол қоластындағылардан теміржолдарды жөндеу жұмыстарын жасайтын ЖШС-тардың біріне қолдау көрсеткені үшін 600 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. 

Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 шілде 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.