Атырау, 29 наурыз 17:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстанда тағы бір алып тиін жасалды

Бейнежазба
2 614 просмотра


Алматы обылысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының студенттері тағы бір алып тиінді салды. Бұл туралы Қуат Ахметжанов Facebook әлеуметтік желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" атты парақшасында хабарлады.  

"Студенттер 23 миллион теңгені шығындамай-ақ тегін тиінді салды", - деп жазды видеоның сипаттамасында автор.  

Әлеуметтік желіде бұл тиінді бірден қызу талқыға сала бастады. Көбі жастардың шығармашылық көзқарысына таңдана пікір білдіріп жатты. 

"Міне, сәулет құрылысын кімге табыстау керек. Қазынаны да сақтайды, жастар да өзіне біраз табыс көзін тауып қалар. Але! Тағы кімнің қаласын безендіру керек?" "Жастар жарадыңдар! Өте керемет! Шынымен де, сабан ауылда көп емес пе, Әл-Фараби даңғылын түгел тиіндармен толтырып тастаса болады". 

"Қала әкімшілігіне айтар сөзім: сонша ақша шығындамай-ақ, осылай жасаса да болар еді. Жастардың ісі артық болмаса, кем түспейді".  

"Дереу Астанаға апарыңдар сарышұнақты қоймай тұрып".  Тиіннің құрылысы жайлы өзінің Instagram парақшасында Баян Мақсатқызы да, жазып өтті. "Қарасай ауданының студенттері 230.000 теңгеге тиін салды. Бұл таңғаларлық жайт!!!", - деді ол.  

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы "Атакент" сауда орталығында ұзындығы 12 метр, салмағы 12 тоннаны құрайтын тиінді салған еді. Ол сабан, металл мен ағаштан жасалған. Мұндай арт-құрылыстың бағасы 23 миллион теңгеге шықты. Тиін сауда орталығында тоғыз ай яғни, бірінші қыс түскенге дейін тұруы керек.  

Жаңа арт-құрылыс қала тұрғындарының арасында біраз қызу талқыға түсті. 


Дереккөз: tengrinews.kz

18 шілде 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.