15 шілдеде Махамбет ауданының ішкі істер бөліміне Бейбарыс ауылында орта жастардағы ер адамның 32 метрлік су іркігіш құрылғысына өрмелеп шыққаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар су тартқыштың ең жоғарғы төбесінен бейқам ұйықтап жатқан жергілікті мас тұрғынды тапты.
«Біздің тәжірибемізде мұндай шақыртулар болған емес», - деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. – ПЧ-4 бөлімшесінің командирі Ильяс Бүркітов мұнараға көтеріліп, барлық сақтық шараларымен ер адамды жерге түсірді».
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынды