Атырау, 30 қараша 04:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Путин Украинаның НАТО-ға "қосылуына" қауіптенеді

1 964 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин "Украина мен Грузия НАТО-ға қосылса Ресей қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп санайды. Бұл туралы ол Дональд Трамппен кездесуінен кейін америкалық Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

Журналист Крис Уоллеспен әңгімесінде Путин "2014 жылы Қырым статусына қатысты түбекте референдум өткізгенін", сондықтан оның аннексиялап алу жағдайын "демократия көрінісі" деп есептейтінін айтады.

Путин сұхбатта Мәскеудің АҚШ-тағы сайлауға араласпағанын және бір мәрте қайталады.

Ол биылғы наурызда "Сармат" зымыранының таныстырылымындақолданылған презентацияда "ядролық бомбаның Флоридаға соққы жасағанын" жоққа шығарды. "Ол жерде "Флорида" деп жазылып тұрған жоқ еді. Зымыран шардың басқа бір бұрышына ұшып бара жатқаны анық көрініп тұр", - деді Ресей президенті.

Журналистің "Путиннің көп қарсыласы неге қайтыс болып кетеді?" деген сұрағаны Ресей президенті "АҚШ-тың өз проблемасы жетіп жатыр" деп жауап берген. Бірақ "криминалдың ара-тұра байқалатынын", бұған "елдің "мемлекет ретінде қалыптасудың белгілі бір деңгейінде тұрғаны себеп" деп түсіндірді.

16 шілдеде Трамп пен Путин Хельсинкиде оңаша кездесіп, кейін бірігіп баспасөз конференциясын өткізген. Трамп АҚШ пен Ресей қатынасының "нашарлауына" Американы кінәлап, Мәскеуді "2016 жылғы сайлауға араласты" деп айыптаған барлау қызметінің тергеуін "қасірет" деп атаған. Трампты сенаторлар мен саясаткерлер "Путиннің алдында жүрексінді" деп жаппай сөккен.

Дереккөз: azattyq.org

17 шілде 2018, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.