Атырау, 30 қараша 04:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Тәжікстан әйелдері үкіметтен ер азаматтардың дөрекілігін тоқтатуды сұрады

1 317 просмотра


Душанбе тұрғындары қала мэрі Рустами Эмомалиді Тәжікстандағы еркектердің әйелдерге деген қарым-қатынасын өзгертуді сұрады, - деп хабарлайды "Ахбор".

Мәлімдемеде әйелдер еркектердің тарапынан қорлау сөздерін жиі еститінін, жеке кеңістігін сақтамайтынын айтып шағымданды. 

"Біз аналар ретінде қызымыз бен апалы-сіңлі қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Болашағына деген алаңдаумен сіздерден көмек сұрап отырмыз. Құрметті қала мэрі, сізден Тәжікстандағы еркектердің әйелдерге қарым-қатынасын өзгертуін сұраймыз", - деп жазады үндеудің авторлары.  

Соңғы кездері ер азаматтардың тарапынан әйелдерің ар-намысын қорлайтын әрекеттер көбейіп кетті. 

"Әйелдер өз жасына қарамастан, қорлық сөздерін естиді. Жеке кеңістік деген мүлдем жоқ. Мұндай жағдайға көбінесе жасөспірімдер яғни жас қыздар бетпе-бет келеді. Амал не, мұндай деректер көше ортасында да қоғамдық орындарда да, тіпті үйде де болады. Мұндай жайт қауіпсіздік пен тыныштыққа алаңдауымызға әкеп соқтырып отыр.  Мемлекеттік жол полициясы да қоғамдық орындарда болып жатқан келеңсіз оқиғаларды көре тұра үндемей кетеді. Қыздарымыздың ар-намысын таптатқызбау үшін сіздерден көмек сұрап отырмыз", - деп шағымданды әйелдер.  

Олардың айтуынша, мұндай жағдайларға тек қаланың әйелдері мен қыздары емес, демалуға келген туристер де душар болады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

17 шілде 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.