Атырау, 26 қараша 00:45
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жолдар қалай «жөнделіп» жатыр?

Бейнежазба
2 538 просмотра


Әлеуметтік желілерде жарияланған Еркінқала ауылындағы жол жөндеу жұмыстарының «ішкі жағы» көрсетілген  бейнежазба едәуір резонанс тудырды. Мұнда басқа жақтан келген жұмысшылар асфальтты қалай-солай жасап жатыр. Бірақ біз жұмыстардың осылай жүретінін бұған дейін білмедік бе?

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі резонанс тудырған бейнежазбаға қатысты жауап берді: «Еркінқала ауылдық округіндегі жол құрылысын «Атырау Көлік» ЖШС жүзеге асырады. Қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген учаскеде жол төсемін салу әлі аяқталған жоқ. Оның үстіне, оларды техникалық қадағалау қызметі қабылдаған жоқ. Сондықтан ақысы төленбеген. Егер жұмыстың нашар орындалғаны расталса, тапсырыс беруші жолдың осы бөлігін бұзып, жаңасын салады. Осы жол учаскесінің құрылысын салумен айналысатын қосалқы мердігер бұл олқылықтарды жою шараларын жасайды».

«Атырау Көлік» ЖШС директоры Қайрат ЮСУПОВ әңгімелесуге ықылас таныта қоймады, дегенмен:

- Жол әлі тапсырылған жоқ, мерзім шілде айының соңына дейін. Бейнежазбаға келер болсақ, жұмыс барысында құбыр бұзылып, асфальт ыдырап кетті. Қазір қалпына келтіріп жатырмыз, - деді.

«АЖ» тілшісі қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Тимур БАСАРОВТАН комментарий алуға барынша тырысқанымен, ол түрлі сылтаумен тілдесуден жалтарды.

Фархат ӘБІЛОВ

17 шілде 2018, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.