Ел үкіметі жаңа министрлер кабинетін жасақтады. Енді мемлекетте 14 емес, бар жоғы 11 министрлік болады. 150 депутаттан тұратын шағын үкіметтің кезектен тыс отырысында Бахтадзенің бастамасын 101 адам қолдап, тек 12 депутат қарсылық танытқан. Осылайша парламенттік фракциялардағы көпкүнгі пікірталас пен тыңдауларға нүкте қойды.
Енді Грузияның министрлер кабинетінде үш жетекші бар. Бұл – қаржы министрі Иване Мачавариани, экономика және қарқынды даму министрі Георгий Кобулия, білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Михаил Батиашвили. Қалған министрлер өз лауазымын сақтап қалды.
Мамука Бахтадзе, Грузияның премьер-министрі:
- Біздің мақсатымыз – Грузияны дамудың дара жолына салу. Үкіметтегі кәсіби мамандардың арқасында жоспарланған реформалардың барлығын жүзеге асырамыз. Олар ел болашағы үшін тынбай еңбек етуге әрдайым дайын. Парламентпен де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істемекпіз.
Ираклий Кобахидзе, Грузия парламентінің төрағасы: - Премьер-министр мен үкіметтің барлық құрамын сенім вотумы жарияланғанымен құттықтаймын. Енді жаңа құраммен үкімет өз жұмысын бастамақ. Үкіметтік бағдарламада ұсынылған барлық жоба сәтті жүзеге асатынына сенімім мол.
Дереккөз: 24.kz