Атырау, 25 желтоқсан 11:11
 бұлттыВ Атырау 0
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Аудан жаңалықтары

2 982 просмотра

Жалақысын үш күннен кейін алады

Индер ауданаралық экономикалық соты шешімімен «Индерводоканал» КМК жұмысшылары үш жылға созылған күрестен соң жалақыларына қол жеткізді.

Еске сала кетсек, Индер халқын сумен қамтушы «Индерводоканал» КМК2009 жылдан бері жұмысшыларын жалақысыз қалдырып келген еді.Аудандық бюджеттен аударылатын 10 млн теңгеден астам қаржы кәсіпорынның Жарғылық қорына түспеген. Табан ақы, маңдай терімен тапқан табыстарына қол жеткізе алмаған жұмысшылардың бірнеше жылдан бері ашпаған есігі қалмаған болатын.

Мамыр айында Индер ауданаралық соты «Индерводоканал» КМКжұмысшыларының алдындағы қарызын нақтылап, тиесілі еңбекақы мен зейнетақыны төлеуге міндеттеді.

 

Исатайда - жаңа әкім

Бұған дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары болған Жәрдем АХМЕТОВ Исатай ауданы әкімі болып тағайындалды. Ал бұрынғы  аудан әкімі Бахтөре ҚАРАБАЕВТЫҢ жаңа лауазымы әзірге белгісіз.

 

Директордың рөлін ойнапты

Махамбет ауданындағы Сарытоғай селосы орта мектебі есепшілері ақша жымқырды деген күдікке қалып отыр.

Бұл жайт аудандық прокуратураның мемлекеттік сатып алу заңдарының сақталуына және бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына тексерісі кезінде белгілі болды. Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі Саид АЖМҰХАМЕДОВТЫҢ айтуынша, есепшілердің үсті-нен Қылмыстық Кодекстің 176- бабы 3-бөлігі және 314-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергелу үстінде. Тергеу амалдары барысы анықтағандай, мектептің бас есепшісі мен оның міндетін атқарушы қызметкер бірлесіп бюджет қаржысы 383 229 теңгені пайдаланбақшы болған. Аталған қаржыны қазынашылық банкіден өткізу үшін мектеп директорының жалған қолын қою арқылы алып, бас пайдаларына жаратып жіберген болып шықты.

 

Жылыойда үй өртенді

27 маусымда Құлсары қаласының 1 ықшам ауданындағы көп қабатты №32 үй өртенді. Ауруханаға түскендер де бар.

 Бес қабатты үйдің 3-ші қабатындағы жалынды өшіруге өрт сөндірушілер дер кезінде жеткен. Аптап ыстықта жалын атқан өртті өшіру оңай болмаған. Иіске тұншыққан үйдегі 2 ұл мен 2 қыз баланы құтқару амалдары жүргізілген. Аудан әкімінің орынбасары  Ізбасар ЕЛТҮЗЕРОВ дәрігерлік көмек алған балалардың ендігі ауруханадан шыққанын хабарлап отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 шілде 2012, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.