Атырау, 19 желтоқсан 05:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«”Кетіп барады екен…”. Сарапшы билікте үлкен өзгеріс болатынын айтты», «Жаңа ипотекалық несиеге үй алу үшін не істеу керек?», «Трамп пен Путин "мәселенің барлығын бір кездесуде шеше алмаған"»,«Дәрігер “Дат” газетінен 10 миллион теңге өндіруді талап етеді»

2 279 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Трамп пен Путин "мәселенің барлығын бір кездесуде шеше алмаған"» - АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Хельсинкидегі кездесуі аяқталды. Екі ел президенттері саммитте қандай мәселелерді талқылады?

«Дәрігер “Дат” газетінен 10 миллион теңге өндіруді талап етеді» - Алматыда «Дат» газеті мен Қазақ онкология және радиология институтының директоры Диляра Кайдарованың арасындағы сот жалғасты. Дәрігер “газет мақала жариялап, ар-намысыма тиді” деп санайды. Газет бұл айыппен келіспейді.

QAMSHY.KZ. «Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады» - Қазақ тәуелсіздік алғалы – жырға айналған тағы бір өзекті мәселе – жоғарғы оқудың ақылы болуы. Дәлірек айтсақ, жоғарғы оқуда оқу үшін төлененетін ақының аспандап, қымбаттап кетуі...

ABAI.KZ. «Өз тарихына ықылассыз қарайтын халықтың тарихын өзгелер жазады» - Қазақ хандық құру үшін Шу мен Талас бойын "ұйғырлардан алыпты" ма? «Абай.кз» порталы осындай мақала берді.

365INFO.KZ. «”Кетіп барады екен…”. Сарапшы билікте үлкен өзгеріс болатынын айтты» - Ал ендеше! Қазақстандағы банктер оңай адамдардың қолында емес. Олардың әрқайсысының артында билік басындағы тұлғалар тұр. Сондықтан саясаттанушы Данияр Әшімбаев қаржы саласындағы, жалпы, экономикадағы кез келген өзгеріс саясаттағы тепе-теңдікті бұзатыны айдан анық, деген сенімде.

  INFORMBURO.KZ. «Әрбір тұрғынға пәтер. Жаңа ипотекалық несиеге үй алу үшін не істеу керек?» - Өткен жылғы "Нұрлы жер" жеңілдетілген ипотекасы ең тиімді бағдарлама ретінде танылды. Ал "20-7-25" жылдық үстемақысы одан да төмен. Әрбір азаматтың пәтер алуға қаражат жинай алатындай Қазақстанда экономикалық өсім әзірге байқалмайды. Үкімет мәселені ипотека арқылы қалай шешпек?

DALANEWS.KZ.  «Пашинян екі айдың ішінде не атқарды?» - Никол Пашинянның Армения премьер-министрі атанғанына екі айдан асты. Осы аралықта не атқарды ол?  Илья Куса есімді украин сарапшысының мына мақаласына назар аудармай өте алмадық.

EGEMEN.KZ. «Италия Еуроаймақтан шыға ма?» - «Жер жаһанға иелік етсең де, Италияны маған қалдыр». Бұл – италиялық атақты композитор Джузеппе Вердидің «Аттила» операсында Рим генералы Эционың айтқан сөзі. Қазіргі Апеннин түбегіндегі жағдайды Вердидің сол бір ариясымен сипаттасақ қателеспейміз. Еуропаны кезіп жүрген қаржы елесі Италияны айналып өткен жоқ.

AIKYN.KZ. «Магистратурадан мән кетті ме?» - Соңғы кезде магистратурада білім алатын адамдарға қатысты дау жиіледі. Бұл жолы «Дайрабайдың көк сиыры» міндетін – әнші Мейрамбек Бесбаевтың магистрлік дипломды алуы атқарды. Осыдан соң әлеуметтік желі ұлардай шулап, сан алуан пікір айтылды. Ішінде естісі де, есері де бар. Оның бәрін оқырман оқып, санаға түйіп те алған шығар. Ақыры дау басталған екен, біз де бұған үн қосып: әр тараптың пікірін тыңдап, сөлін сығып, газет ұстаған ағайынға ұсынбаққа бекіндік.

 SPUTNIKNEWS.KZ «Құрбан айтта қазақстандықтар қалай демалады?» - Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы үш күн тойланады.


17 шілде 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.