Атырау, 30 қараша 04:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Иракта жаппай ереуілдер салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті

1 341 просмотра


Ирактың Басра қаласындағы жаппай ереуілдер салдарынан кемі 50 тұрғын мен 30 құқық қорғаушы жарақат алды. Бас көтергендерді тарату үшін полицейлер көзді жасаурататын газ қолданған. 

Естеріңізге сала кетейік, толқулардың басталғанына бір апта болды. Елдің оңтүстігінде тұратын халық коммуналдық шаруашылық, жемқорлық пен үкіметтің қазіргі саясатына қарсы. 

Олардың айтуынша, аймақты жұмыссыздық жайлаған, дәрі-дәрмек тапшы, ал бірқатар аудан электр және сумен толықтай қамтамасыз етілмеген. Айта кеткен жөн, Ирактың рухани көшбасшысы Аятолла Али Систани ереуілшілерді қолдайтынын білдірді.

Дереккөз: 24.kz

16 шілде 2018, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.