Атырау, 12 мамыр 03:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Трамп-Путин саммиті басталды

1 748 просмотра


Хельсинкиде (Финляндия) АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі басталды. Саммит Президент сарайында өтіп жатыр. Трамп пен Путинди Финляндия президенті Саули Ниинисте қарсы алды.

АҚШ пен Ресей президенттері кездесу алдында журналистермен кездесті. Путин бұл саммитте екі ел арасындағы қарым-қатынас, халықаралық мәселелер талқыланатынын айтты. 

Трамп Путинді әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады. АҚШ президентінің айтуынша, бұл кездесуде сауда, ядролық қару мәселелерді талқыланады. Трамп саммит екі ел арасындағы қатынасты жақсартады деп үміттенеді.

Журналистермен кездесуден кейін Путин мен Трамп келіссөзді бастады. Жоспар бойынша екі президент жеке кездеседі. Кейін оларға екі ел делегациясы қосылады

Дереккөз: azattyq.org

16 шілде 2018, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.