Атырау, 17 желтоқсан 13:35
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Хорватиялық футболшы барлық ауылдастарының несиесін жауып берді

1 576 рет қаралды


Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич басында несиесі бар ауылдастарының барлық қарызын өтеп берді. Бұл туралы vijesti.rtl.hr сайтына сілтеме жасап Еurosport хабарлайды. 

Жартылай қорғаушы Анте Ребич туып-өскен ауылда қазір 500-ге тарта адам тұрады. «Ребич Сплит маңындағы елді мекенде туып-өсті. 19 жасында Италияның «Фиорентина» клубына кеткен болса да, тамыр жайған топырағын ұмытпады. Кішігірім ауылдың басында несиесі бар барлық тұрғындарының қарызын төлеп берді», - деп жазады Vijesti басылымы. 

Айта кетейік, Ребич Хорватия сапында Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатының 6 кездесуіне қатысып, Аргентина қақпасына бір гол соқты. Кеше, 15 шілдеде Хорватия құрамасы Франциямен финалдық ойында кездесіп, мундиальдың күміс жүлдесін иеленді.  

Дереккөз: inform.kz

16 шілде 2018, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.