Атырау, 6 мамыр 14:58
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Лука Модрич "Алтын допқа" ие болды

2 053 просмотра


Мәскеуде футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының үздік футболшыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Today.kz championat.com сайтына сілтеме жасап. 

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич әлем чемпионаты-2018-дің үздік футболшысы ретінде танылды. Ол Аdidas-тың алтын добын алды. 

Еurosport.ru сайтының жазуынша, бұндай марапатқа Модричтен бұрын Диего Марадона, Пеле, Месси, Зинедин Зидан мен Роналдо ие болған. 

Күміс доп Бельгияның жартылай қорғаушысы Эден Азарға, қола доп Францияның шабуылшысы Антуан Гризманнға бұйырды. 

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе турнирдің ең үздік жас ойыншысы ретінде танылды, ол биыл 20 жасқа толды. 

Үздік қақпашы ретінде Бельгияның қақпашысы Тибо Куртуа танылды, оған "Алтын қолғап" берілді. 

Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн "Алтын бутсы" иеленді. Ол жеті матчта алты доп соқты. 

Естеріңізге салайық, 15 шілдеде Франция Хорватияны 4:2 есебімен жеңді. Хорватия өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты, ал Франция 1998 жылы чемпион болған, 2006 жылы финалға шығып, Италиядан жеңіліп қалған. 

Дереккөз: today.kz

16 шілде 2018, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.