Атырау, 17 желтоқсан 13:39
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Ұлыбритания Еуроодақ елдерімен еркін сауда аймағын құрады

1 552 рет қаралды


Brexit кейін Ұлыбритания Еуропалық одаққа тиесілі сауда және шекара қауымдастығы құрамынан шығады. Патшалық өзінің жеке сауда саясатын жүзеге асырып, Еуроодақ мемлекеттерімен еркін сауда аймағын құрмақшы. Бұл туралы премьер-министр Тереза Мэй Facebook парақшасында жазды. 

Саясаткер өз мәлімдемесінде бұл соңғы шешім екенін және ешқандай өзгертулер қарастырылмайтынын нақтылады. Еске сала кетейік, ағылшын үкіметі Еуроoдақпен қарым-қатынас туралы ортақ жоспарын қабылдау барысында бірнеше саясаткер отставкаға кетті. Олардың қатарында Brexit бойынша басты мәмілегер Дэвид Дэвис пен сыртқы істер министрі Борис Джонсон бар.

Дереккөз: 24.kz

16 шілде 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.