Испанияның жағалау күзеті Гибралтар бұғазы мен Альборан теңізінде 340 заңсыз мигрантты құтқарды. Оның 100-ге жуығы – бала.
Бұл туралы елдің құтқару қызметі хабарлады. Дерек бойынша, мамандар босқындар толы 12 қайықты тауып алған. Барлығы Тарифа, Барбате, Альхесирас және елдің оңтүстігіндегі Альмерия қалаларына жеткізілді. Әзірге мигранттардың жеке тұлғасы анықталған жоқ.
Айта кетейік, Испания босқындардың теңіз арқылы Еуропаға баратын жаңа транзиттік бекетіне айналды. Ресми дерекке сүйенсек, соңғы бес айда елге 19 мыңға жуық кірме қоныс аударған.
Дереккөз: 24.kz