14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған.
Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне. Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды.
Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр. Айта кетейік, ӘЧ-2018 жарысының финалдық кездесуі 15 шілдеде Мәскеудің "Лужники" стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. Франция мен Хорватия құрамалары кіл мықтыны анықтайтын болады.
Дереккөз: tengrinews.kz