Ресейдің жанармай бекеттерінде көлікке бензиннің толық құйылмауы жұрттың ашуын туғызды. Көршілес елдің автокөлік иелері федерациясы 13 облыста арнайы тексеріс жүргізген.
Олардың айтуынша, жанармай құю бекеттерінің 76% бензинді тиісті деңгейде құймайды. Жанармай құю бекеттеріннің бензинді толық құймауы әдетке айналып барады. Бұл мәселе Ресей автокөлік иелері федерациясының сараптамасынан кейін көтеріліп отыр. Олар арнайы жанармай өлшеу құралдарын алып, сатып алыушылар ретінде жасырын тексеріс жүргізген.
Сергей Канаев, Ресей автомобилистер федерациясының басшысы:
- Жанармай бекеттерінің 76% бензинді кем құятыны анықталды. Сәуірден маусым айына дейін 150 жанармай бекетіне тексеріс жүргіздік. Бренд бойынша бар жоғы 34 жанармай бекетіне бардық. Сараптама нәтижиесінде алынған түбіртек «Росстандарт» басшылығына жіберілді. Дмитрий Курзантцев, «Гражданский контроль качества топлива» жобасының жетекшісі: - Жанармай бекеттерінің біріне келдік. Онда да бензинді толық құймады. Үш литр дизель жанармайын сатып алмақшы болдық, 600 грамға кем берді. Ол жолмен алыс жолға шығатын жүк көліктері қатынайды. Бұл жолмен көліктер көп өтеді. Бекеттерде жанар-жағармайдың толық құйылмауы кездейсоқтық емес. Бұл – ірі желілік компаниялардың тұтынушыларға жасап отырған әділетсіздігі. Себеп – сатудан түсетін табыстың мүлдем мардымсыз болуында. Сәйкесінше автомобильшілер федерациясы осындай мәлімдеме жасады. Алайда тәуелсіз жанармай одағы сараптаманың дұрыстығына күмән келтіріп отыр. Бұл ұйым мұнай компанияларына қарасты емес жанар-жағармай құю бекеттері иелерінің құқығын қорғаумен айналысады.
Григорий Баженов, тәуелсіз жанармай одағы өкілі:
- Сараптама жүргізу керек екені анық. Алайда бұнымен айналысып жүрген жобаның тәжірибесі тым аз. Біз тек одақ өкілдері үшін жауап бере аламыз. Қолайсыз экономикалық жағдайдың кесірінен тәуелсіз секторге қауіп төніп тұр.
Бұл елдегі барлық бекеттердің 60 пайызына тең тәуелсіз жанар-жағармай бекеттері мамыр айының өзінде 3 млрд рубль қаржыдан қағылған. Мұндай мәліметпен жанармай одағы бөлісті. Соңғы 2 айда олар бензин құнын тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік шаралар кесірінен шығынға батып отыр. Мамыр айының соңында үкімет мұнайшыларды бөлшек сауда бағасын ұстап тұруға көндірген болатын. Тексеру органы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін бақылау саудасын жүргізуге алғашқы рұқсаттарын алды. Газ станциясы бензинді бақылау мен есепке алудың жаңа ережелерін күтуде, ал алаяқтарды қомақты айыппұлдар күтіп тұр.
Дереккөз: 24.kz