Атырау, 26 қараша 00:24
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тегін су тек зиратта болады, онда да бәрі үшін емес

Сурет
3 493 просмотра


Діни жоралғы қызметтерін пайдаланушылар әлеуметтік желілерде өткен жылдың ортасынан бері христиандық зиратты сенімгерлік басқаруына алға кәсіпкер Сырым КУЛЬЧИЕВКЕ наразылықтарын білдірді. Оның бұрын тегін пайдаланылып жүрген су үшін жақында төлем белгілегені зиратқа келушілердің ашуларына тиген. Енді 5 литрлік бөтелке суы 20 теңге тұрады.

Кульчиев басқарған жыл ішінде көп адамдар оң өзгерістерді байқаған: тау болып үйілген қоқыс жоғалып, контейнерлер, бетон қоршаулар пайда болыпты, кейбір жерлерге жаңа асфальт салынған. Алайда негізінен бейіттердегі өсімдіктерді суару үшін пайдаланылатын су төлемі адамдарды екі жікке бөлді. Кейбіреулер оны қаскөйлік деп қабылдаса, басқалары зиратта тазалық пен тәртіп орнағанына қосқан үлестері ретінде оны төлеуге қарсы емес.


Facebook-тегі комментатор:

- Пәтерлеріміздегі құбырдан келетін ауыз су үшін 1 текше метрге (1000 литр) 130 теңге шамасында төлейміз. Жайықтан келетін зират суының 5 литрі 20 теңге тұрады. Қарапайым жолмен есептесек, 1 текше метр үшін зират қожайыны 4000 теңге (20x1000 /5 = 4000) алады. Зират қожайынының таза пайдасы қандай?

Сырым Кульчиев:

Сырым Кульчиев:

- Біз зиратты барынша ретке келтіруге тырысамыз. Бірақ суға қатысты жағдай қиын. Айта кету керек, бірнеше жылдар бойы Жайық суы емес, осы ауыз су үшін ешкім ақша төлеген жоқ. Көптеген сыртқы ұйымдар, жеке тұлғалар осы есептелмеген су көзін қолданған болуы мүмкін – ол ажыратылмаған. Оның үстіне, су құбыры өте нашар күйде болды - су ағатын, тесілген жерлері көп болды... Біз есептеу аспаптарын орнаттық, енді су ақылы. Бетон қоршаулар орнатылғаннан кейін бұрын жүргізілген су құбырларының қолжетімсіз болып қалуы қиындық туғызып отыр. Әрине, қоршау бойынша барлық  жұмыстар аяқталған соң, біз өз күшімізбен жаңа пластикалық құбыр салуды жоспарлап отырмыз. Ал, әзірге, келушілер пайдаланатын суды зират қақпасының алдында тұрған вагондағы краннан жинап аламыз. Ол қалалық су құбырынан тартылған, «Атырау Су Арнасы» ЖШС заңды тұлға ретінде есептегіш бойынша тариф белгілеген, яғни, 1 текше метр үшін 520 теңге. Үнемдеу үшін біз суару күндерін белгіледік: сейсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі таңертеңгі сағат 9: 00-ден кешкі сағат 9:00-ге дейін. Иә, тәулік бойына су ағып жатқанына үйренген адамдарға жаңа ережелерге үйрену қиын екенімен келісемін... Бірақ тәртіп деген осы.

- Бір баклажка үшін 20 теңге қалай есептелген?

- Ешқандай есептеу жоқ. Біз тегін нәрселермен қамтып, лайықты жағдай жасалғаны үшін мұны азғана ақы деп ойладық. Бірақ біз үшін мұның бәрі ақша ғой – қоқыс машиналары, су, жарық, дәретхана және басқа да қолайлы жағдайлар. Оның үстіне, біз ешкімді су сатып алуға мәжбүрлемейміз, бұл ерікті іс. Кім қаласа, сол 20 теңгесін қалдырады, кім қаламайды – суды тегін алып кетеді. Зейнеткерлерге қалай болғанда да, тегін беріледі. Бұл менің принципіме тән. Дегенмен, әжейлердің көбі, керісінше, тәртіп орнатылғаны үшін алғыстарын айтып, тиындарын тастап кетуге тырысады. Ал бұл жиырма теңгені тіпті ақша құрлы көрмейтін жандар, керісінше: неге су ақылы, неге суару күндері белгіленген, бұл кестені жойыңыздар... деп наразылық білдіреді. Олар ондаған литр суды қымбат джиптеріне тиеп алады, ал біздікілердің ешқайсысы қолын созып артынан жүгірмейді. Қайталап айтамын, төлей ме, жоқ па, бұл әркімнің өз шаруасы.

«Атырау су Арнасы» ЖШС директорының міндетін атқарушы Руслан ҚҰРМЕТОВТІҢ редакция сауалына берген жауабынан: «...2017 жылдың шілде айынан бастап христиан зиратына су есептегіш аспап орнатылды, ал есепшот көрсеткіштер бойынша есептеледі. Бүгінгі күні «Кульчиев С.А.» ЖК 4296 м³ мөлшерінде сумен жабдықтау қызметін ұсынды, төлем ішінара, тек 408 м³-ге ғана жүргізілді».

Қарызы бар екені туралы Кульчиев біледі екен:

- Біз суымызды мүлдем тыйып тастағанын қаламаймыз, сондықтан қарызды мүмкіндігінше, ең болмағанда бөліп-бөліп төлеуге тырысамыз. Ал әзірге біз Атырау әкімдігіне қосымша қаржы бөлу туралы хатпен жүгіндік, өйткені, басқа қалалардың көбінде жергілікті бюджет зиратты қамтамасыз етуге қатысады, ал бұл қалыпты жағдай деп есептеледі.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Автор түсірген және әлеуметтік желілерден алынған суреттер

13 шілде 2018, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.