Атырау, 27 сәуір 09:17
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бірліктен Британияға

1 695 просмотра

Таяу күндері Ұлыбританияның иммиграциялық және визалық мәселелер жөніндегі агенттігі Атыраудан мобильдік ай сайынғы визалық қызмет көрсету қосынын ашпақ.

Британдық үкіметтің мәліметтері бойынша, биометриялық мағлұматтарды қабылдайтын мобильдік қосын Қазақстанның батысында тұратын тұрғындар Ұлыбритания визасына өтініш беру үшін Алматыдағы визалық орталыққа бармай-ақ, өздерінің биометриялық деректерін тапсыруға мүмкіндік алу үшін ашылатын болады.

Виза сұраушылар http://vfs-uk-kz.com/Mobile_biometric.html сайтына онлайн режимінде өз өтініштерін беруі тиіс. Визалық баж салығын төлегеннен кейін олар KIS Energy, KazInter Service компаниясының Атырау, Бірлік поселкесі, ТНС ғимараты мекен-жайында орналасқан қосында (айына бір рет қабылданады) биометрлік мәліметтерді тапсыру үшін бір күн брондай алады.

Мобильдік қосын қызметі визалық баж салығына қосымша 256 АҚШ доллары тұрады. Үміткерлерге Алматыдағы Ұлыбританияның иммиграциялық және визалық мәселелер жөніндегі агенттігіне құжаттарды жіберу үшін мекен-жай жазылған конверттер ұсынылады. Алматыдағы Агенттік қызметкерлері өтінішті қарағаннан кейін шешім қабылдаған соң, төлқұжат пен ілеспе құжаттарды курьерлік қызмет тікелей құжат берушіге қайтаратын болады.

Қазақстанда британдық визаға өтінішті қалай беру керектігі туралы анағұрлым толық ақпаратты Ұлыбританияның иммиграциялық және визалық мәселелер жөніндегі агенттігінің www.ukba.homeoffice.gov.uk/countries/kazakhstan веб-сайтынан табуға болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 шілде 2012, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.