Атырау, 17 сәуір 00:41
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

«12 жыл бұрынғы Шаңырақ оқиғасы ұмытылды ма?», «Елдің Швейцариядан қайтқан қаржысы пропагандаға жұмсалған», «Ресей “Жаңа Қазақстанға” қарсы ақпараттық шабуылға көшті», «Шілде айында теңге құлдырады. Бұл – жыл сайынғы дәстүр ме? Тамыз айында ол үдей ме?».

2 327 просмотра

AZATTYQ.ORG. «12 жыл бұрынғы Шаңырақ оқиғасы ұмытылды ма?» - Алматының шетінде 12 жыл бұрынғы Шаңырақ ауылындағы оқиғаны қазір ешкім еске алмайтын болған. Оқиға кезінде жергілікті тұрғындар мен қарулы жасақ қақтығыс туындады. Биліктің бұйрығымен полиция заңсыз салынған құрылыс нысандарын қиратпақ болды. Туыстарының айтуынша, «Шаңырақ ісі» бойынша сотталып, түрмеде отырған үш адамды да қоғам ұмыта бастағандай.

«Елдің Швейцариядан қайтқан қаржысы пропагандаға жұмсалған» - "Қазақстан халқынан ұрланды" деп Швейцарияда бұғатталып, кейін елге "халықтың мүддесіне" қайтарылған 48,8 миллион доллар қалай жұмсалды? Халықаралық ұйымдар жүргізген зерттеуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызы Дариға Назарбаеваның да аты аталады.

«Киев Трамп-Путин саммитінен секемденеді» - АҚШ президенті Дональд Трамп маусымның 29-ы Ресейдің 2014 жылы күшпен аннексиялап алған Қырымды иелену құқығын мойындау жайын ойланып көретінін айтты.

INFORMBURO.KZ. «Баяғыда қазақ байлары қандай болған? Байлық пен дәулеттің айырмашылығы» - Қазақтың байлары халқының қамын жеп, жағдайын ойлап отыратын менеджер болған. Алайда қазір бай адам туралы пікір түбегейлі өзгерген. Оған не себеп? Қазақ байлары халқына тек байлығымен ғана емес, ақыл-парасатымен, жомарттығымен сыйлы болған. Өйткені олар бай мен кедей арасындағы тепе-теңдікті сақтап, қол астындағы халықтың әл-ауқаты мен қал- жағдайының жақсы болуын бақылауда ұстаған.

«Шілде айында теңге құлдырады. Бұл – жыл сайынғы дәстүр ме? Тамыз айында ол үдей ме?» - Ұлттық Банк өкілдері теңгенің құлдырауын сыртқы факторлардың әсерінен көреді. Олар кезекті девальвацияға дайындалып жатқан жоқ па? Талдап көрелік.

 AIKYN.KZ. «Роза Рымбаева Лукашенконың қолынан марапат алды» - Қазақтың жезтаңдай әншісі Роза Рымбаева Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан  «Витебскідегі Славян базары» XXVII халықаралық өнер фестивалінде 2017-2018 жылдары мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосқаны үшін марапат сыйлығын алды.

TURKYSTAN.KZ. «Таза судың дәмі бал» - Cу шаруашылығын дамыту мен су ресурстарын тиімді пайдалану өте маңызды. Өйткені қазір су тапшылығының артуы, жер асты және жер үсті суларының ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Аталған мәселелердің шешімін табу – еліміз үшін кезек күттірмейтін мәселе. 

DALANEWS.KZ.  «Ресей “Жаңа Қазақстанға” қарсы ақпараттық шабуылға көшті» - Күткен едік мұны. Кремльдің қашаннан бергі әдеті ғой. Көрші елдің ішкі ісіне араласу Ресей үшін түк өрескел емес. Талқылайтын тақырып табылды Ресей үшін. 


13 шілде 2018, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.