Бүгін, 12 шілдеде сағат 17-де оқырмандар «АЖ» редакциясына АМӨЗ алауынан жалындап, қою қара түтін шығып жатқан сурет пен бейнежазба жолдады. Олардың айтуынша, бұл жарты сағат бұрын басталған.
Зауыттың баспасөз қызметімен байланысу мүмкін болмады, ал Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ былай деді:
- Алдын ала мәліметтер бойынша, компрессордың тоқтауы салдарынан алауға отын газы түскен. Бізге хабарлағандай, өндіріс процесі тоқтатылмаған. Біздің қызметкерлеріміз қазір сонда жүр, анағұрлым нақты ақпарат кейінірек болады.
Фархат ӘБІЛОВ
Оқырмандар жолдаған сурет пен бейнежазба