Германияның Сыртқы істер министрі Хорст Зеехофер шілде айының соңына дейін Италиямен босқындар мәселесіне қатысты келісімшарт жасамақшы. Бұл туралы ол Австрияның Инсбрук қаласында Италияның Сыртқы істер министрі Маттео Сальвинимен кездескеннен кейін мәлімдеді, - деп хабарлайды «Deutsche Welle» неміс ақпарат құралы.
Зеехофер екі ел министрліктерінің қызметкерлері: «Өте жақында тиісті келіссөздер бастайды. Онда Италиядан Австрия мен Германия арқылы ЕО-қа келетін ішкі көш, босқындарды қайтару, сонымен қатар, оларды теңізде құтқару мәселелері басты тақырып ретінде қарастырылмақ», - деп мәлімдеді.
Одан бөлек, ең алдымен Еуропаның шекарасын қорғауға байланысты ауқымды стратегия керек екенін айтқан Сальвини, «Жағалаудағы босқындарды азайту, өлім-жітімді де азайту сияқты Зеехофер екеуміздің ортақ мақсаттарымыз бар. Сондай-ақ, Италияда да, Германияға да көш аударушылардың санын азайту керек. Бір ғана адамды Италия шекарасына қабылдамас бұрын, біз Еуропаның өзінің сыртқы шекарасын қорғағанын қалаймыз» , - деді.
Дереккөз: “The Qazaq Times”