Атырау, 25 желтоқсан 11:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Құбылмалы инфляция

1 954 просмотра

Атырау облыстық статистика департаментінің ресми мәліметтері бойынша, тұтыну бағасының индексі 2012 жылдың мамырында сәуірмен салыстырғанда 102,2 пайыз деңгейінде болған, яғни, инфляция 2,2 пайыз құраған.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы сәуірмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген, басқа тауарлар 0,3 пайызға өскен. Ақылы қызметтер құны - коммуналдық қызметтің қымбаттауы салдарынан - сәуірмен салыстырғанда 7,1 пайызға көтерілген.

2012 жылдың қаңтар-мамырында екінші деңгейлі банк филиалдары 67 миллиард теңге сомада несие берген. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 20,3 миллиардқа (43,4 пайызға) көп. Мұнда заңды тұлғаларға несие беру 38,2 пайызға (42 млрд теңгеге дейін), жеке тұлғаларға – 53,2 пайызға (25 млрд теңгеге дейін) өскен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

4 шілде 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.