Қытайдың шығысындағы Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларындағы Мария тайфунына қатысты 600 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Метеорологиялық басқармасы мәлімдеді. Жергілікті билік ұйытқыған дауыл мен өткінші жауын болған аймақтарда қауіпсіздіктің жоғары деңгейін жариялады.
Фуцзянь провинциясында теміржол және әуе қызметі уақытша тоқтатылды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше қаржылай шығын әзірге 490 миллион юань-ді құрайды. Бұл сома шамамен 73 миллион АҚШ долларын құрайды.
Дереккөз: 24.kz