Йенс Столтенберг Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Македония өзінің конституциялық атауын өзгертуге келіспесе, оның НАТО құрамына енуі мүмкін емес екенін айтты.
Столтенберг Македония азаматтарының Грекиямен арада жасалған келісімшарттан бас тарту мүмкіндіктері бар екенін айтып: «Бұл — Македония халқы шешуі тиіс мәселе. Сіздер, яғни Македония халқы үшін тарихта бір рет болатын үлкен мүмкіндік. Сіздер таңдауды өздеріңіз жасауларыңыз керек. Алайда, ел атауын өзгерпейінше, НАТО-ның құрамына қосылуға жол жоқ» - деп мәлімдеді бас хатшы.
Сәрсенбі, 11 шілде күні Македония альянсқа кіру үшін арнайы щақырту алғанына қарамастан, бұл процесс Македонияның конституциясына өзеріс енгізілмеген жағдайда тоқтатылмақ.
«Ел атауы өзгертілмесе, мүшелік те болмайды. Таңдау өте қарапайым», - деген бас хатшы өз мәлімдемесінде.
Дереккөз: “The Qazaq Times”