Атырау, 25 желтоқсан 11:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Газ бағасы көтерілген жоқ

1 829 просмотра

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджерінің орынбасарымен болған сұхбат жарияланғаннан кейін («Линси Крейн: Мүмкін еместі сұрамаңыздар», «АЖ» №22, 2012 жылғы 31 мамыр) редакцияға «Жылыойгаз» ЖШС директоры Жазира ЕРМЕКОВА хабарласты.

– Басқа мәселелермен қатар Линси Крейн: «Егер жеткізуші «Жылыойгаз» өзінің пайдалану шығындарын ескеріп, бағаны көтеретін болса, онда ТШО-ның бұған қатысы жоқ» дегенді айтты. Алайда мәселе мынада, біз соңғы екі жарым жыл ішінде газ жеткізу құнына өзгеріс енгізген жоқпыз. Газды жеткізудің ақырғы құны міндетті түрде өкілетті органмен – Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментімен мақұлданады. Бүгінгі күні «Жылыойгаз» ЖШС ешқандай үстемелер мен көтерме бағалар қосып отырған жоқ, бізде тіпті жабдықтау үстемесі де жоқ, - деп хабарлады Ж. Ермекова.

Оның айтуынша, Жылыой ауданы бойынша газ бағасын көтеру соңғы рет 2010 жылдың 1 қаңтарында орын алған. Тасымалдау тарифінің қымбаттауы салдарынан «Жылыойгаз» ЖШС агенттіктің мақұлдауымен тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін бағаны бір мың текше метрге қосымша құн салығынсыз 5 360 теңгеге дейін көтерген.

– Газ бағасының өсуіне қатысты барлық жағдай «Теңізшевройл» ЖШС-нің оны жеткізу бағасын көтеруіне байланысты орын алды, - деп мәлімдеді Ж. Ермекова.

Сәния ТОЙКЕН

4 шілде 2012, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.