Солтүстік Дакота штатының Уотфорд Сити қаласында жойқын торнадо салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмып, 20 адам әр түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл жайлы жергілікті билік өкілдері хабарлайды.
Маккензи округі шерифінің айтуынша, қоқыс астында әлі бірнеше адам қалып қою мүмкін. Ал ауруханаға жеткізілген 6 адамның халі ауыр. Оқиға орынында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Билік еріктілерді табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды. Оқиға салдарынан баспанасыз қалғандар уақытша орталықтарға орналастырылған. Дауылдан келген шығын көлемі анықталу үстінде.
Дереккөз: 24.kz