Атырау, 19 желтоқсан 05:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің мызғымайтын төрағасына айналды», «Биыл биліктің рақымына іліккендер мен кешірімінен үміт күткендер», «Болашақ білімде ме, тіліңде ме?», «Сағынтаев: Қаржы бар – игерілмейді, сұраныс бар – шешімін таппаймыз».

2 149 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің мызғымайтын төрағасына айналды» - Шілденің 12-сінен бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде елдің Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы төрағалық ететін құқыққа ие болды. Елді 30 жылға жуық үзбей басқарып келе жатқан өзіне артықшылық беретін заңға президент Назарбаевтың өзі қол қойған.

«"Фермерлерді ұрған" милиция басшысы істі болды» - Өзбекстанда "фермерге қол көтерген" аудандық милиция бөлімшесінің бастығы қызметінен кетіп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

QAMSHY.KZ. «Биыл биліктің рақымына іліккендер мен кешірімінен үміт күткендер» - Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен өткен алқа отырысынан кейін жақсы жаңалықты естіп қуанып қалдық. Қазақстандағы Елбасының жарлығымен 5000-ға жуық адам түрмеден босатылуы мүмкін деген ақпарат тарады.

INFORMBURO.KZ. «Баланы бірінші сыныпқа беру тәртібі өзгерді. Енді ата-ана мектепті өзі таңдай алады» - 1 маусымнан бастап 1 сыныпқа балаларды қабылдау басталып кетті. Биылдан бастап үйде отырып-ақ ата-анасы кез келген мектепті таңдай алады. Ол қалай жүзеге асады?

QAZAQUNI.KZ. «Сағынтаев: Қаржы бар – игерілмейді, сұраныс бар – шешімін таппаймыз» - «Ережеге сәйкес, қазіргі таңда кредит алған кісі екі жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуы керек. Ауылдық жерде бұл қиындық туындатып отыр. Себебі, Бизнес Бастаудан оқып келеді де, бизнес-жобасы бойынша шаштараз ашып, онда өзі ғана жұмыс жасайды. Сол сияқты, 3 млн теңгеге 12 бас мал алады. Ал оған біз екі тұрақты жұмыс орнын ашуды жүктеп отырмыз. Осыған қатысты қаражатты игеру қиыншылық тудырып отыр», – деді селекторлық жиынның соңында пікір білдірген Атырау облысы әкімінің орынбасары.

AIKYN.KZ. «Болашақ білімде ме, тіліңде ме?» - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге «қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет» екенін атап көрсеткен болатын. Ел жаңарды. 8 миллионнан астам адам, бұл халықтың шамамен 50 пайызы тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келді. Білім беру саласында қол жеткізген нәтижелерге көңіліміз тола ма?

 EGEMEN.KZ. «Туристік әлеуетті арттыруға айрықша назар» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Щучье-Бурабай» курортты аймағында болып, жаңадан салынған бірқатар туристік нысандарды аралады. Елбасына өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучье-Бурабай курорттық аймағын, «Абылай хан» алаңын, «Ақ бура» курорттық аймағын және басқа да нысандарды дамытуға арналған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті «Promenade Burabay» нысанының құрылыс жоспарын көрді. Нысандармен танысқан соң Н.Назарбаев еліміздегі туризмді дамытуға жауапты басшылардың есебін тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.

 SPUTNIKNEWS.KZ «Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар туралы айтты» - ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтардың мәселесіне қатысты қытай тарапымен келіссөз жүріп жатқанын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


12 шілде 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.