Атырау, 17 желтоқсан 11:57
 ашықВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Тарихта алғаш рет: Хорватия құрамасы ӘЧ 2018 финалына өтті

1 421 рет қаралды


Хорватия құрамасы финалда Франция командасымен ойнайды. Хорватия футбол құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатының қосымша берілген уақытында Англия командасын ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеудегі "Лужники" стадионындағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Ағылшындардан Киран Триппьердің 5-минуттағы голына хорваттар Иван Перишичтің қақпаға дөп соққан добымен жауап берді. Ал қосымша берілген уақыттың 109-минутында Марио Манджукич командасына жеңіс голын сыйлаған.

Финалда 15 шілде күні Хорватия құрамасы "Лужники" стадионында Франция командасымен әлем кубогына таласады. Бір күн бұрын Санкт-Петербургте Англия және Бельгия құрамалары 3-орын үшін ойнайды.

Хорватия құрамасы тарихта алғаш рет әлем біріншілігінің финалына шығып отыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 шілде 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.