Атырау, 30 қаңтар 16:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Оқиғалар тізбегі

2 332 рет қаралды


3 шілдеде Құлсары-Бейнеу жолында «Лада Ларгус» көлігі аударылып қалды. Оқиға салдарынан жолаушылардың бірі көз жұмды. ҚР ҚК-нің 354-бабының 3-тармағы бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») қылмыстық іс қозғалды.

*****

3-4 шілдеде Құрманғазы ауданының Азғыр ауылдық округінде 35 га алаң дала өртенді. Өрт өшірілді, зардап шеккендер жоқ. Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметовтің айтуынша, өрт сөндіру кезінде жауған жаңбырдың көп көмегі болған.

*****

Жыл басынан бері Атырау облысында алаяқтықтың 92 жағдайы тіркелді. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, интернет сайттардың сауда алаңдарында алақтық оқиғалары жиілеген: қылмыскерлер тауар ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайды, содан кейін «ғайып болады» екен.

*****

Мамандырылған әкімшілік соты үйінде мас болып, жанжал шығарып, гитарамен 16 жастағы қызының басынан ұрған Атырау тұрғынын 7 тәулікке қамауға алды.

 


11 шілде 2018, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.