Атырау, 30 қараша 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Мәскеу Сирияда Ресей әскерилері "қаза тапқанын" терістеді

1 997 просмотра


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы 9 шілдеде өз мүшесі - жанкешті Сирияның Дераа провинциясында 35 ресейлік және сириялық әскери қызметкерді өлтіргенін мәлімдеді. 

ИМ мәлімдеуінше, жанкешті бомба қойылған көлігімен одақтастар әскері шоғырланған жерге басып кіріп, өзін жарып жіберген. Оқиға "Сирия ерікті армиясының" жасақтары бірер күн бұрын президен Башар Асад күштеріне өткізген Зайзун қаласында болған. Қаланы қабылдап алуға соғысушы тараптарды бітімге келтіру орталығындағы ресейлік әскерилер қатысқан.

Ресей Қорғаныс министрлігі исламшыл содырлардың мәлімдемесін "кезекті фейк" деп атап, ресейлік сарбаздардың қазасын жоққа шығарды.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, қорғаныс министрлігі Сириядағы "Ресейдің барлық әскери қызметкері аман-сау, міндетін атқарып жүргенін" мәлімдеген.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Сириядағы соғыста осы кезге дейін жалпы саны 50-ден астам Ресей сарбазы қаза тапқан. Олардың сегізі биыл мамырда оққа ұшқан. Бейресми деректер бойынша, Сирияда қаза болғандар ресейлік әскерилер саны бұдан бірнеше есе көп.

Дереккөз: azattyq.org

11 шілде 2018, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.