Атырау, 30 қараша 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​АҚШ: Иран өзінің елшіліктері арқылы лаңкестік шабуыл жасамақ

1 339 просмотра


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Иран өзінің дипломатиялық елшіліктері арқылы лаңкестік шабуыл жасамақ» – деп мәлімдеді.   

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео Иран мәселесіне қатысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде:

«Иран Ислам Республикасы өзінің дипломатиялық елшіліктері арқылы Еуропа елдерінде теракт жасамақ. Өткен аптада ғана Парижде лаңкестік шабуыл жасамақ болған Иран азаматтары ұсталды. Біз қазірдің өзінде Иранның Еуропаға деген өшпенділігін көріп отырмыз» - деп мәлімдеген. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Германия аумағында Франция астанасында теракт жасамақ болды деген күдікпен Иран дипломаты ұсталған. Бірақ ресми Теһран Германия арнайы қызметінің бұл әрекетін арандату деп бағалап, қарсылық нотасын жіберген. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

11 шілде 2018, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.