Атырау, 26 қараша 01:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Жол астына темір бетон сынықтарын төсеу - дұрыс»

2 779 просмотра


«АтырауИнжДорСтрой» ЖШС Атырауда Баймұханов көшесіндегі көлік жолын кеңейту және жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жобасын аяқтап қалды. «AЖ» оқырмандарының бірі жұмыс барысын суретке түсіріп алыпты. Ол қажетті құм-қиыршық тас қоспасы мен ұсақ тастардың орнына мердігердің шұңқырға құрылыс қоқысын төгіп жатқанын  айтады.

Біз комментарий алу үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тәуелсіз компания өкілі «Royalcompany» ЖШС-нің инженер-сарапшысы Қуаныш ТҮСІПОВКЕ хабарластық:

- Бұл жерде нормалар бұзылған жоқ. Суретте оның қоқыс емес, темір бетон сынықтары екені айқын көрініп тұр. Атырауда жерасты суларының деңгейі жоғары болғандықтан, кеңейтілетін аумақтарда алға қарай бос жерлердің пайда болуына жол бермеу үшін пайдаланылып отыр. Жұмыстар жоба бойынша жүргізіліп жатыр. Онда тереңдігі 40-50 см болатын, кейде 70 см-ге дейін баратын жол шұңқырларын топырақтың ерекшелігіне қарай төсеу қарастырылған. Шұңқыр түбіне темір бетон сынықтары төселіп, катокпен тегістеледі - бұл қосымша нығайту шарасы. Содан кейін жобада көзделген құрылымдық қабаттарды әрі қарай төсеу толық көлемде жүзеге асырылады.

Түсіповтің айтуынша, жол төсемі 7 қабаттан тұрады, олардың әрқайсысы төселген сайын арнайы техникамен нығыздалады: бұлар ПГС (құм және қиыршық тас қоспасы); ЩПС (ұсақталған тас-құм қоспасы); ылғалды цемент қоспасы; «қара» қиыршық тас; битум; ірі түйіршікті асфальт және ұсақ түйіршікті асфальттың соңғы қабаты. Қабаттардың әрқайсысының қалыңдығы жобада көрсетілген.

- Егер жолды пайдалану барысында технологияның бұзылғаны анықталса ше?

- Тапсырыс берушімен жасалған келісімшартта 2 жыл кепілдік мерзімі көрсетілген. Егер кепілдік мерзімі кезінде құрылыс сапасына байланысты ақаулар табылса, мердігер оны өз есебінен түзетуге міндеттеледі, - деді Түсіпов.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» оқырманы жолдаған сурет

11 шілде 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.