Атырау, 26 сәуір 21:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Зейнеткер депутаттар - "саяси өліктер"...», «Доллар дүрілдеп, теңге дірілдеп тұр», «Көп тиынға – бір “тиін”», «Қытай – әлемдегі белсенді инвестор», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық: кім қанша төлейді?».

1 688 просмотра

AIKYN.KZ. «Қытай – әлемдегі белсенді инвестор» - Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде Қытай Қазақстан экономикасына 42,8 млрд доллар инвестиция салып, несие есебінде 50 млрд доллар қаржы құйған. 

«Көп тиынға – бір “тиін”» - Қазақта «ит тірлік» деген тіркес бар. Жақында «тиін тірлік» дейтін санаға сіңетін сыңайлы. Өйткені қаладағы қарбалас пен күйбеңді тынымсыз тиінмен жиі байланыстырады. Алматылықтардың тұрмыс-тіршілігін білдіретін алып тиін Атакент көрме орталығының дәл алдынан орын тепті. Биіктігі төрт ғимаратпен пара-пар нысан тоғыз ай тұрады деседі. Одан кейінгі тағдыры қалай болары белгісіз. Себебі, сабан шөп уақыт өте келе өңін жоғалтатыны бар. Осы тиін үшін «жоғалған», яки жұмсалған қаражат – 23 миллион теңге.

«Доллар дүрілдеп, теңге дірілдеп тұр» - Ұлттық валютаның құны күннен-күнге төмендеп барады. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы жыл басында 328-330 теңге болса, қазіргі кезде айырбастау пункттерінде көкқағаздың құны 343,5 теңгеге жетті. Яғни, кенеттен девальвация болмаса да, доллардың бағасы уақыт өткен сайын көтерілуде. Теңгенің құнсыздануын әдетте мұнай бағасының арзандауымен байланыстыратын еді. Алайда қазіргі нарықта қара алтынның құны түскен жоқ. Керісінше, алдыңғы айлармен салыстырғанда қымбаттап, барреліне 78 долар шамасында саудаланып жатыр.

INFORMBURO.KZ. «"Бүйрегімді сатамын" десеңіз, сотталасыз!» - Әлемде жыл сайын 100 800 адам ағзасын ауыстырады. Оның 69 400-ы бүйрегін, 20 200-і бауырын, 5400-і жүректі, 3400-і өкпесін, 2400-ы ұйқы безін салдырған.

AZATTYQ.ORG. «Кикбоксингтен әлем чемпионы атанған балабақша тәрбиешісі» - Германияның Мюнхен қаласында тұратын Ясмин Қарабазар кикбоксинг пен муайтайдан әлем және Еуропа чемпионаттарында жеңіске жеткен. Спортшы алдағы уақытта Қазақстанда өтетін жарыстарға қатысқысы келеді.

ABAI.KZ. «Зейнеткер депутаттар - "саяси өліктер"...» - Қазақстанда негізгі заң шығарушы орган – Мәжіліс. Онда 107 депутат жұмыс жасайды. Алтыншы шақырылымдағы осы сессияны қалғып-мүлгіп, ілініп-салынып жүріп өткерген депутаттар қазір демалысқа шыққан. Әл-дәрмені жеткендер ел-елді аралап жүрген көрінеді. Қайсы бір қарық қылып жүр дейсіз. «Депутат келе жатыр» дегеннен дедек қағып дайындалған жергілікті басшылардың ұйымдастырған формальді кездесулер. Ертең есеп беруге керек. Форматы да жатық.  Әуелі, кәсіпорын, зауытты аралайды. Сосын бір мектептің акт-залында немесе Мәдениет үйінің залында жылдар бойы жиналыстан қалмайтын саяси өмірде өте белсенді жүзі таныс жұртпен кездеседі. Залға келген жұрт та тәжірбелі ғой, басы артық сұрақпен көп мазаламайды. Сөйтіп, «общаг» жинаған ақшаға дайындалған дастарханның ең қадірлі қонағы болады. Бұл бұған дейін жылдар бойы қалыптасқан формат. Әгәрәки бұлай болмаған болса, тағы кәне?!

SPUTNIKNEWS.KZ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық: кім қанша төлейді?» - Жоспар бойынша, бірыңғай жиынтық төлем қала тұрғындары үшін 1 АЕК, ал ауылда тұратындар үшін 0,5 АЕК болмақ

 

11 шілде 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.