Атырау, 30 қараша 05:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Калифорния соты Трамптың талабын орындамады

1 250 просмотра


Калифорния штатының орталық федералды соты АҚШ-қа заңсыз келушілердің балаларын қамдау туралы қаулыны өзгертуден бас тартты. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп әділет министрлігіне бұл құжатқа өзгерту енгізуді тапсырған еді. Трамп әкімшілігі заңсыз мигрант балаларының арнайы қамдау орталығында 20 күннен артық ұсталуын көздеген. Алайда президент сауалы орындалмады. 

Соттың бұл шешімді қабылдауына «нөлдік толеранттылық» ұстанымы түрткі болып отыр. Бұл қағида бойынша қолға түскен ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал балалары арнайы қамдау орталығына жөнелтіледі, бірақ заңға сәйкес оларды қамауға болмайды. Кесірінен осы күнге дейін 2 мыңнан астам бала ата-анасыз қалды. 

Ақ үй басшысы болса саяси қарсыластарының сынына ұшыраған. Ал 26 маусымда америкалық билік қамауға алынған заңсыз мигранттар отбасын біріктіру керек деп шешті.

Дереккөз: 24.kz

11 шілде 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.