Таиландта үңгірде екі аптадан аса уақыт қамалып отырған балалар мен олардың жаттықтырушысын құтқару операциясы аяқталды. Мамандар ондағы соңғы 2 бала мен жаттықтырушыны сыртқа аман-есен алып шықты.
Бүгін бұған дейін тағы 2 жеткіншек құтқарылған болатын. Қазір олардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, жан-жақты тексеріліп жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, барлығының халі жақсы. Алайда кей балалардың ағзасынан жұқпалы ауру тудырғыш микробтар анықталған. Сондықтан мұқият зерттеу жүргізіледі.
Еске сала кетейік, футболшы балалар жаттықтырушысымен бірге маусымның 23 күні Хуахани қаласының маңындағы тауға серуендеп барып, осы үңгірге кіреді. Бірақ аяқ астынан жауын жауып, сыртқа шыға алмай қалған. Содан тек іздеудің тоғызыншы күні ғана оларды 2 британдық дайвер тауып алады.
Осыдан кейін балаларды құтқарудың түрлі жолдары қарастырылып, күн райына байланысты ол 3 күн бұрын басталған еді.
Дереккөз: 24.kz