Атырау, 17 желтоқсан 11:57
 ашықВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Қытай Тынық мұхитындағы әскерін күшейтті

1 729 рет қаралды


Қытай елі Тынық мұхитындағы әскерін күшейтті. Бұл осы аймақтағы Ұлыбритания, Австралия және Оңтүстік Корея сынды әскери одақтарға қолайсыздық тудырып отыр. Осыған байланысты Жаңа Зеландия су асты кемелеріне қарсы 4 бірдей Boeing P-8 Poseidon қорғаныс ұшағын сатып алады, деп хабарлайды The Wall Street Journal

Елдің премьер-министрі міндетін атқарушы Арден Уинстон Питерстің айтуынша, Тынық мұхитындағы қорғанысты күшейтуге тура келді. Ұшақтарды Жаңа Зеландия АҚШ-тан сатып алады. Бұл – елдің соңғы он жылдықта жасаған ең ірі әскери саудасы. Boeing P-8 Poseidon – су асты кемелерін анықтап, жоюға арналған ұшақ. 

9 тонна қару-жарақ сыйымдылығы бар бұл қорғаныс аппаратының, торпедалар, теңіз минасы және әуе бомбаларына арналған бес ішкі және алты сыртқы оқпаны бар. 

Хуа Чанинг, Қытай СІМ өкілі: 

– Біз Қытайға қатысты құжаттармен таныстық. Мұхиттағы әскердің көбейгені рас. Алайда Жаңа Зеландия билігінің шешімімен келіспейміз. Бұны елімізге қарсы негізсіз айып деп білеміз.

Дереккөз: 24.kz

10 шілде 2018, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.