Атырау, 20 қыркүйек 10:38
Күндіз бұлыңғыр болады+22, кешке +18
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 361.94  € 423.25  P 5.40

Мектептегі өшті еске алып, адам өлтірді

10 шілде 12:49


Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Махамбет ауылының 30 жастағы тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 9-тармақшасы («Бұзақылық ниетпен адам өлтіру») бойынша үкім шығарды.

Іс материалдарына сүйенсек, А. өткен жылдың 2 желтоқсанында кешкісін Махамбеттегі кафелердің біріне сыра ішуге келіп, сол жерде сыныптастарымен кездеседі. Олар өткен-кеткенді еске түсіріп, басқа мектептегі құрдастары ренжіткен хикаяны әңгіме қыла бастайды. Біреулер сол жігіттердің қазір басқа кафеде отырғандығын айтып, бүкіл компания сол жерге барады.

Төбелес басталып, А. басқа компаниядағы жігіттің бірінің мойнына асүй пышағын тығып алады. Сәл кейінірек әлгі жігіт есін жимастан аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмады.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, А. кінәлі деп танылып, ең жоғарғы қауіпсіздік (қатаң режим) мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1319 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

CІМ адамдар саудасы бойынша синдикаттар желісінен жеті қазақстандықты құтқарды  886 рет қаралды

Өз ұлын өртеп жіберген алматылық әйелге үкім шықты  879 рет қаралды

Есірткі сатқан полицейлер сотталды   909 рет қаралды

Вокзал маңындағы кафеде кісі өлімі болды   2403 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5