Атырау, 30 қараша 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Жапонияда топан судан қаза тапқандар саны 117 адамға жетті

1 931 просмотра


Жапонияда толассыз жауған жауын мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны артты. Мұнда табиғи апаттан 117 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын іс-түссіз жоғалды деп хабарланды. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жауынның күшті болғаны сонша тіпті тұрғындар толып қалған топан судан көшеге шығай алмай қалған. 

Табиғаттың тілсіз жауы жүздеген ғимарат пен тұрғын үйді күйретті. Жапонияның барлық аймағынан 1 миллион 500 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару шараларына ондаған мың әскери мен полицейлер және өрт сөндірушілер жұмылдырылған. 

Ал ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері елдің оңтүстік-батыс және орталық өңірлерінде тағы жауын жауады. Осыған байланысты су тасқыны мен лай көшкіні қаупі күшейетіні ескертілді.

Дереккөз: 24.kz

10 шілде 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.