Көршілес жатқан Эфиопия мен Эритрея шабуылдарды тоқтатып, бейбіт қарым-қатынас құру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Бұл туралы Эритреяның ақпарат министрі Йеман Мескель өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары саясаткердің Асмэре қаласында Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмедпен кездескені туралы хабарлады. Африканың қос мемлекеті бейбітшілік келісімнен бөлек экономикалық және қоғамдық салада серіктес болуды тілге тиек етті.
Айта кету керек, Эритрея мен Эфиопия арасындағы соғыс жер дауына байланысты 1998 жылы басталды. 18 жыл бұрын да бейбітшілік орнату туралы келісімге қол қойылған болатын.
Алайда Эфиопия тарапы халықаралық арбитраждың шешімімен келіспей, соғыс жалғаса берді. Ресми деректерге сәйкес, осы уақытта дейінгі шабуылдар салдарынан 80 мыңға жуық адам көз жұмған.
Дереккөз: 24.kz