Атырау, 30 қараша 06:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Джереми Хант Ұлыбританияның сыртқы істер министрі болып тағайындалды

984 просмотра


Бұған дейін ол денсаулық сақтау министрі болып қызмет кеткен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, II Елизавета патшайымы Хантты бұл лауазымға қуана-қуана бекіткен. 

Естеріңізге сала кетейік, осы қызметті атқарған Борис Джонсон отставкаға кеткен болатын. Патшалықтың премьер-министрі Тереза Мэй саясаткердің жақсы жұмыс істегенін айтып, алғысын білдіріп шығарып салды. 

Осыған дейін Ұлыбританияның Брексит бойынша экс-министрі Дэвид Дэвис отставкаға кеткен еді. Сонымен қатар парламент мүшелері Стив Бейкер мен Суэлла Браверман да жұмыстан шықты. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, олар Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына қатысты дау-дамай төңірегіндегі мәселелер мен премьер-министр Тереза Мэймен келіспеушіліктер үшін қызметтерінен кетті. 

Дереккөз: 24.kz

10 шілде 2018, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.