Атырау, 1 желтоқсан 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қазақстан парламенті депутаттары каникулға кетті

3 702 просмотра

АСТАНА, 28  мау –Қазақстан жаңалықтары АА.    Парламент палаталарының бірлескен отырысында 5-ші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы өз жұмысын аяқтап, депутаттар 2 айлық каникулға кетті деп хабарлайды агенттік тілшісі парламенттен.

Ағымдағы жылдың басында өткен сайлаудың нәтижесіне орай 2012 жылдың қаңтарында ресми түрде жұмысқа кіріскен көппартиялы Парламент өткен 5 айдан астам уақыт аралығында елдің дамуына, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға серпін беретін аса маңызды құжаттарды қабылдады.

«Сессия барысында Парламент қоржынына 70-тен астам заң жобасы келіп түссе, соның 39-ын Мәжіліс мақұлдап, 36-сы Парламентпен қабылданды. Осы қабылданған заңның 22-сіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, құжаттар заңды күшіне енді», - деді мәжіліс спикері (парламенттің төменгі палатасы) Нұрлан Нығматулин, палаталардың бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары" АА

29 маусым 2012, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.