Атырау, 30 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Таиландтағы үңгірде құтқарудың екінші кезеңі аяқталды

1 389 просмотра


Таиландтың премьер-министрі Прают Чаноча балалар қамалып қалған үңгірге барып қайтты. Ол арнайы операцияға атсалысқан мамандарға алғысын айтты. Қазір үңгірде әлі 4 бала бар. 

Естеріңізге сала кетейік, үңгірде қамалып қалған балаларды құтқару операциясының екінші кезеңі сәтті аяқталды. Бұл туралы «Кхао Сот» интернет-газеті хабарлады. Таңертең басталған операция кезінде тағы 4 бала құтқарылып, барлығы 8 адам үңгірден шығарылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары «құпия сақтау» режимінің қосылулы екені туралы хабарлады. Нақтырақ айтқанда, операцияға қатысушыларға суретке түсіруге және әлеуметтік желіге осы операцияға қатысты қандай да бір ақпарат таратуға қатаң тыйым салған. 

Соңғы ресми деректерге сәйкес, құтқарушылар үңгірде қалған 4 адамды ертең алып шықпақ. Еске сала кетейік, 12 футболшы бала жаттықтырушысымен бірге маусымның 23-і күні Хуахани қаласының маңындағы тауға серуендеп барып үңгірге кіреді. Бірақ аяқ астынан жауын жауып, үңгірді су басып, қамалып қалған. 

Іздестіру жұмыстарының 13-күні олардың аман екені туралы ақпарат тарады. Алайда су басып қалған үңгірден оларды алып шығу мамандарға оңай болмай тұр.

Дереккөз: 24.kz

10 шілде 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.