Атырау, 30 қараша 06:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Ұлыбританиядағы улану оқиғасының соңы қазамен аяқталды: Дон Стерджес көз жұмды

1 355 просмотра


Ұлыбритания билігі Дон Стерджестің өліміне қатысы барларды тауып, құқықтық жауапкершілікке тартатындарын хабарлады. 8-шілде күні аурухана төсегінде көз жұмған британиялық 44 жастағы әйел «Новичок» жүйке-сал ауруларының улағыш заттегіден уланған. Бұл туралы "lemonde.fr" хабарлайды.

«Скотланд-Ярд» ағылшын полицей құрылымының хабарлауынша, қасақана адам өлтіру ісіне қатысты соттық іс ашылған. 

Еске салайық, 44 жастағы Дон Стерджес пен оның 45-жастағы жолдасы Чарльз Роули 30 маусым күні аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған еді. Өткен аптаның ортасында тергеушілер олардың Ресейдің Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы барлаушысы Сергей Срипаль мен оның қызы уланған заттектермен уланғанын хабарлаған болатын. 

Осыған байланысты ресми Лондон қайғылы оқиғаға Ресейді кінәлаған еді. Мәскеу тарапы бұл айыптаумен келіспейтінін мәлімдеді. Жалпы, Скрипальдер оқиғасы соңғы үш айдан бері Ресей мен ЕО арасын одан сайын ушықтырып жіберген еді. 

Енді, Скрипальдер уланған аймақта, дәл солар зардап шеккен заттектермен уланған британиялық ерлі-зайыптылар Ұлыбритания мен Ресей арасындағы келіспеушілікті тағы да тереңдете түскендей. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

9 шілде 2018, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.