Атырау, 26 қараша 01:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Арнадағы «бөгет»

Бейнежазба
1 994 просмотра


Махамбет ауданының тұрғыны «АЖ» редакциясына арналардың бірін топырақ салынған қапшықтармен бөгеп жауып тастағаны туралы бейнежазба жолдады. Оның айтуынша, осының салдарынан балықтар қырылып жатыр.

Бұған қатысты Махамбет аудандық әкімдігіндегілер былай дейді:

- 29 мамыр мен 5 шілде аралығында Сборный каналында судың тайыздану мәселесі пайда болды: энергиямен қамту жүйесіндегі жалпы ақауларға байланысты электр сорғысының әлі келмей қалды. Осыған байланысты 105 га алаңдағы «Райхан» шаруа қожалығына үздіксіз су беруді қамтамасыз ету үшін арасынан су әрі қарай өтетін жерлер қалдырып, каналға құм салынған қапшықтардан жасанды бөгет жасау туралы шешім қабылданды.

«Қазсушар» РМК Атырау филиалының директоры Асланбек РЫСЖАНОВ:

- 7-шілдеде біздің кәсіпорынның учаскелік инженері Сборный каналының осы учаскесіне тексеру жүргізіп, қырылып жатқан балықтарды таппады. Мен өзім 8 шілдеде сонда болдым - өлген балықтар да, сол бөгеттің өзі де жоқ.

Рысжановтың айтуынша, жақын арада Атырау облысының барлық су арналарын күрделі жөндеу жоспарланған.

- Ұзындығы 150 километрлік бұл арна 1983 жылы салынған, - дейді сол құрылысқа қатысқан зейнеткер, бұрынғы инженер-гидротехник Мәкен ШҰРТАБАЕВ. - Әрине, ол ескірді. Бұрын арнаға қызмет көрсетуге арналған экскаваторлар мен басқа да арнайы техникалар болған еді. Жалпы, бір шаруа қожалығы үшін арнаны бөгеу дұрыс емес деп ойлаймын, басқалар туралы да ойлау керек қой.

Фархат ӘБІЛОВ

Куәгерлер жолдаған бейнежазба 

9 шілде 2018, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.