Атырау облыстық ТЖ департаментінің өрт сөндіру қызметінің бастығы Абдулқапар ЖҰМАНОВ брифингте өрттің қалай сөндірілгені туралы әңгімеледі.
- Қонақ үй адамдардың көп жиналатын орны, сондықтан өртке ерекше күрделілік мәртебесі берілді. Өрт болған жерге алғашқы экипаж барғанда бізге қонақүйде 30 адам бар екендігін хабарлады. Сондықтан, бастапқыда адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге күш жұмсалды. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші 14 персонал жоқ болып шықты, кейінірек олардың ғимараттан шығып кеткені, қоңырауларға жауап бермегені анықталды, - деді Жұманов.
Оның айтуынша, қонақ үй жалғамасының төбесі ағаштан салынып, металл жабындымен жабылған. Осы металл профиль өртті сөндіруге қиындық келтірген. Қою түтін салдарынан ұзақ уақыт бойы өрт ошағын анықтау мүмкін болмаған. Өрт сөндіру барысында қонақ үйдің әр қабатында электр кабельдерінің 12 шахтасы бар екені, олар арқылы өрттің үшінші және төртінші қабатқа көтерілгені анықталды.
Жұманов наурыз айында Кемер қаласында сауда үйі өртенгеннен кейін атыраулық өрт сөндірушілердің Атыраудың ірі объектілерінде 50-ден астам оқу-жаттығулар өткізгенін хабарлады. «Ақ Жайық» қонақ үйінде де жаттығу өткізу жоспарланған. Алайда қонақ үй басшылығы түрлі себептер айтып, мүмкіндік бермеген.
Өрттің шығу себебіне келер болсақ, қазір оны арнайы комиссия анықтауда.
Анастасия АЛЮШИНА