Атырау, 17 желтоқсан 11:58
 ашықВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Түркияда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті

2 162 рет қаралды


Түркия батысындағы Текирдаг провинциясында жолаушы пойызының аударылуы салдарынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі. 

Түркия вице-премьері Реджеп Акдаг оқиға орнындағы іздестіру-құтқару істері 9 шілде күні таңертең 06:00-де аяқталғанын мәлімдеді. Шенеунік оқиғаның себептері егжей-тегжейлі тексеріліп жатқанын жеткізді. 

Денсаулық министрі Ахмет Демирджанның айтуынша, 318 жолаушы ауруханаға жеткізілген, соның 124-і тұрақты емделіп жатыр. 

Еске сала кетейік, кеше түнде Түркияның Текирдаг провинциясының Чорлу ауданында Капикуле-Ыстанбұл бағдарындағы, 362 жолаушысы, 6 теміржол қызметкері бар пойыздың рельстен шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Елдің Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға жауын-шашыннан топырақтың жұмсаруынан болған.  

Дереккөз: inform.kz

9 шілде 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.