AZATTYQ.ORG. «Қауіпсіздік күшейтіліп, кей адамдар ұсталған мереке» - Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні тойланатын Астана күніне арналған мерекелік шаралар кезінде биыл қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
«Ағылшын заңына сүйенетін "Астана" қаржы орталығы ашылды» - 5 шілдеде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын ашты. Бұл орталықты ашу идеясын Назарбаевтың өзі ұсынған. Ал шетелдік басылымдар "Астана" орталығының келешегіне күмәнмен қарайды.
«Интернет бұғатталғанда қаржы орталығы ашылды» - Батыс баспасөзі сот шешімімен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына тыйым салынғаннан кейін әлеуметтік желілерге кіру қиындағанына қатысты қолданушылар реакциясын, "Астана" халықаралық қаржы орталығы ашылуын талдап, қазақстандық ENRC компаниясы мен Трамптың бұрынғы адвокаты іліккен дауды талқылаған.
«Ресейде зейнетақы реформасына қарсы наразылық жайылып келеді» - Ресейде зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциялары жалғасып жатыр. Үкіметтің зейнетке шығу мерзімін ер адамдар үшін - 65 жасқа дейін, ал әйелдер үшін 63 жасқа дейін ұлғайту жоспары ондаған мың адамды наразылық танытып көшеге шығуға мәжбүр етті.
«Көшпенділер ойыны брендке айналды ма?» - Қырғызстан басталуына екі айға сәл жетпейтін уақыт қалған үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындалып жатыр. Биліктің есебінше, ұлттық спорт түрлері олимпиадасы саналатын сайыс елдің жаңа бет-бейнесін танытанын ойынға айналуы тиіс болған. Қырғызстан көшпенділер ойынын ойдағыдай дамытып, ел брендіне айналдыра алды ма?
«Қарызымды қайтару үшін суррогат ана болдым» - Қырғызстанда суррогат аналардың қызметіне жүгінетін отбасылар көбейіп келеді. Заңмен тыйым салынбаған мұндай қызметті жеке меншік клиникалар көрсетеді.
«Аралас некеге үрке қараудың себебі неде?» - Қазақстанда әлеуметтік желіде тараған "Қазақ қызы қытай жігітіне тұрмысқа шықты" деген мазмұндағы видео қызу талқыланды. Бұл видеодағы көріністі сынағандар да, әлеуметтік желіде өз қарсылығын білдіріп, жазба жариялағандар да көп болды. Әлеуметтанушылар мен құқық қорғаушылар Қазақстандағы аралас некеге деген қорқыныштың себебін әртүрлі түсіндіреді.
365INFO.KZ. «Путин Қазақстанды Ресейдің қолшоқпары етпек» - Шыдамның да шегі бар демекші, отандық сарапшылар ұлт намысын аяқасты еткен мұндай астамшылдыққа төзуге болмайды деген пікірде.
DALANEWS.KZ. «Ердоған және шексіз билік» - 24 маусым күні Түркия мемлекеті тарихи шешім қабылдады. Мемлекетті басқару жүйесі өзгерді. Президенттің өкілеттігі артып, парламенттік жүйе әлсіреді.