Атырау, 25 желтоқсан 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Цифрлар және "қоңыраулар"

4 014 просмотра

Қалалық әкімдікте әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бойынша  «МұнайҚұрылысСервис ЛТД» ЖШС-нің (одан әрі МҚС) жұмысы сынға алынды. Дәл осы компания «СнабОйлСтрой»  ЖШС-мен бірге соңғы жылдары әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы, инфрақұрылымдар және қаланы көгалдандыру бойынша көптеген тендерлерді үнемі ұтып келеді.

90 МЫҢ МЕРДІГЕР АЗ

Тұрғын үй құрылысына қатысты өткізілген мәжілісте қалалық құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Өмірзақ ЕСҚАЛИЕВ есеп берді.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда жалпы сомасы 9 млрд теңге болатын 4 мыңнан асатын пәтер салынған. Үстіміздегі жылы жалпы құны 12 млрд теңгеден асатын 43 тұрғын үй салынып жатыр. Нұрсая ықшам ауданындағы «Болашақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы, Жарбосынов көшесіндегі үйдің, С.Датов көшесіндегі 3 жалға берілетін үй және Ерниязов көшесіндегі үйлердің құрылысы аяқталды.

Құлманов көшесіндегі (облыстық әкімдік ауданы) 3 үйдің, Нұрсая ықшам ауданындағы 12 үйдің, оның ішінде пәтерлері Тұрғын үй жинақ банкісі арқылы берілетін 2 несиелік үйдің құрылысы жалғасуда. Нұрсая ықшам ауданындағы 8 үйден тұратын «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бюджет қаржысына 2012 жылы 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3-ші бағытының (экономикалық болашағы жоқ аудандардан көшіру) аясында Құлманов және Датов көшелері бойында 108 пәтерлік үй салынуда. Тағы да республикалық бюджет есебінен қосымша 2012 жылы жалға берілетін (11 үй) тұрғын үйдің құрылысы қарастырылуда.  Олар 2013 жылға енгізіліп отыр: Датов көшесі, 29,  Баймұханов көшесі, 43,  Берғалиев көшесі, 35,  Нұрсая ықшам ауданы (5,4 га алаңды учаске),  Бейбітшілік, көшесі 74, 76,  Сатыбалдиев көшесі ( 1,55 га учаске), Бейбарыс даңғылы бойынша. Бұдан басқа, облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ арасындағы келісім аясында биылғы жылы жалпы сомасы 22 млрд теңге болатын 3 мың пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Барлық осы нысандардың басым бөлігін МҚС және «СнабОйлСтрой» ЖШС өзара  бөліп алып отыр. Ал, пайдалануға берілетін әлеуметтік тұрғын үйдің сапасын тексеруді «БК-групп» және “Атырауқұрылысжоба” ЖШС жүзеге асырады.

Есқалиев сондай-ақ, әлеуметтік тұрғын үйдің шаршы метрі 90 мың теңгеге бағалануы аймақ үшін төмен екендігін және мердігерлердің транспорттық шығындарын ақтамайтындығын атап өтті. Бұл айтылған сөздер цифрларды көтеруге арналған «қоңырау» емес пе? Демек, мұндай қарқынмен әлеуметтік тұрғын үй құны алға қарай жеке құрылыс салушылардың  бастапқы тұрғын үй бағасымен бәсекеге түсетін  де болар!

 

ИІЛГЕН БАСТЫ ҚЫЛЫШ КЕСПЕЙДІ

Қала әкімі Асқар КЕРІМОВ жаңа үйлерге газ жүргізуді кешіктіріп отырған «ОблТрансГаз» КМК жұмысын сынға алды. Коммуналдық қызмет өкілі қауіпсіздік мақсатында газды қосу барысында барлық тұрғындардың үйде болуы керек екендігін, ал, қазір көптеген пәтерлердің есігінің жабық тұрғандығын алға тартты.

Әкім әлеуметтік үйлердің сапасына көңіл бөлді. «БК-групп» өкілі «МұнайҚұрылысСервис ЛДТ» ЖШС бюджет қаржысын дұрыс игермеді деп сынады. Нақтырақ айтқанда, бұл Сатыбалдиев және Құлманов көшелеріндегі нысандарға қатысты болды:

- Тапсырысшының барлық қаржыны аударғанына қарамастан игеру бар-жоғы тиісті деген 3% тек 0,5% ғана құрады.Оларда үнемі проблемалар туындап отырады: бірде жұмысшылар саны жетпесе, бірде құрылыс материалдары уақытында жеткізілмей жатады. Мұндай жұмыс қарқынымен күзге қарай қалай болса, солай тапсыруы мүмкін және сапасы да соған лайықты болады ғой.

«МұнайҚұрылысСервис ЛДТ» ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары  Тәңірберген САТЫМБЕКОВ өздеріне айтылған сынды қабылдамады:

- Осы үйлердің құрылысы жүріп жатқан жерде Алмагүл ықшам ауданы және перзентхана үйін қамтитын электр кабельдерін көшіруге, сондай-ақ, батпақты аймақ болғандықтан топырақ төгуге тура келді.  Ал, бұл қосымша шығындар. Оларды неге жоба құнына енгізбеген? Мұның бәрі жобаны жасақтау барысында анықталу керек емес пе?

- Тұлпар ықшам ауданы не болып жатыр?

-  Ондағы мердігерлердің алақол болып шыққандығын сіз білесіз ғой, біз оларды қуып шықтық. Енді жұмысты өз қолымызға алдық, -  дейді Сатымбеков.

- Оған кім кінәлі?

- Өзіміз, – деп келісті бас мердігер.

 

БАЯУ ЖЫЛЖИТЫН КЕЗЕК

Керімов халық үшін ең өзекті мәселе – тұрғын үйдің бөлінуіне қатысты сөз алды:

- Тұрғын үйді бөлуде әділдк жоқ деген түрлі әңгімелер жүріп жатыр. Мен кезектің неліктен  жылжымайтындығын тексеруге алдым. Сөйтсем, Атырауда соңғы 5 жылда 377 көп пәтерлі үйлер күрелген екен. Демек, ол үйлердің тұрғындары кезектен тыс пәтер алады. Айталық, егер апатты жатақханадағы 100 отбасы жаңа үйге көшірілетін болса, кезектегі сонша адам пәтер ала алмайды. Екіншіден, тұрғын үйді бөлу барысында жеңілдіктер алуға құқылары бар азаматтардың 11 санаты бар: соғыс ардагері, мүгедектер және басқалары. Соған сәйкес, үй кезегіндегілермен қатар, осы санаттағыларға да пәтерлер бөлінеді. Сондықтан да азаматтарда кезек өте баяу жылжыды деген күдіктері болады. Ал, жалпы тұрғын үй қатаң түрде кезек бойынша бөлінеді. Біз жыл аяғына дейін тұрғын үй кезегі жөніндегі ақпаратты веб-портал арқылы электронды қызмет  қатарына енгізетін боламыз. Сол кезде кезекке қатысты теріс түсініктер тоқтайды деп ойлаймын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

28 маусым 2012, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.