Ауғанстанда үкімет жасақтары «Талибан» радикалдық қозғалысына қарсы бірнеше әсери операция жүргізіп, бір күннің ішінде 120-дан аса содырдың көзін жойды.
Тағы 70 лаңкес түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның қорғаныс министрлігі хабарлады. Елдің түрлі аймағында 100-ге жуық арнайы операция жүргізілген.
Айта кету керек, Ауғанстан аумағында тәліптер ірі қалаларға шабуылын үдетіп, үкімет жасақтарымен қақтығыс күшейді. Сонымен қатар Ирак және Левант ұйымы өзінің ықпалын кеңейтуге тырысып жатыр. Осыған байланысты қорғаныс және қауіпсіздік күштері оларға қарсы операцияларды жүзеге асырып жатыр.
Дереккөз: 24.kz